Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
8-778-881-14-29
8-705-258-38-84
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Дамира - Н" бөбекжай бала бақшасы ЖШС

«Дамира-Н» бөбекжай балабақша туралы
«Дамира-Н» бөбекжай балабақшасы 2017 жылы ашылған. Мектепке дейінгі ұйым балаларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи талаптарға сай жұмыс жүргізіп келеді. Балабақшада барлығы 4 топқа жұмыс істейді: кіші топ, ортаңғы топ, ересек топ және мектепалды даярлық тобы.

Мекемеде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісі ұйымдастырылған. Тәрбиешілер балалардың танымдық, шығармашылық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Әр топта дамытушы орта қалыптастырылып, оқу қызметтері мемлекеттік стандартқа сәйкес жоспарланады.

Балабақшада қауіпсіздік талаптары сақталған, балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс орнатылып, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Дамира-Н» бөбекжай балабақшасы – балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған білім беру ұйымы. 

Балабақша басшысы Аманкулова Б.А өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті әрі тәжірибелі басшы. Ұжымда ұйыммдастырушылық қабілеті жоғары, басқару мәдениеті қалыптасқан тұлға ретінде танылған. Қызмет барысында стратегиялық шешімдер қабылдай біледі және ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдыра алады. Ол қызметкерлермен қарым-қатынаста әдепті талапшыл әрі әділ. Жұмыс барысында тәртіпті сақтап еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған тиімді әдістерді қолданады. Жаңашылдыққа бейім, кәсіби дамуға үнемі ұмтылып отырады. Балабақша басшысы мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жаңа мазмұнын іске асырудағы кәсіби шеберлігімен жоғары белсенділігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
 Атауы:
 
ЖШС «Дамира-Н» бөбекжай балабақшасы


 Тәрбие беру тілі: Қазақ


Түрі: Жекеменшік


Негізгі құны,айына: 2 жастан- 15 750тг
3 жастан 5 жасқа дейін-8100тг


Жұмыс тәртібі:  Бес күндік жұмыс аптасы, 07:30-дан 18:00 дейін


Телефон: 8-778-881-14-29


Мекен-жайы: Түркістан облысы,Түркістан қаласы
Нұротау көшесі №22