Көктемгі шоу – 2026
Балабақшамызда көктемнің шуақты мерекесіне арналған «Көктемгі шоу – 2026» атты ерекше көңілді іс-шара өтті.
Бұл күні балалар көктемдей құлпырып, әдемі киімдер киіп, өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, ойындарға белсене қатысты.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мерекемізді одан әрі жарқын етті.
Көктемнің нәзік лебін сездірген бұл мереке балаларға қуаныш, ата-аналарға ерекше әсер сыйлады.
Осындай керемет сәттер әрдайым жүрегімізде сақталады.
Көктем құтты болсын!
#КөктемгіШоу2026 #БалабақшаӨмірі #Бүлдіршіндер #КөктемМерекесі